Спорт

Жиырма бесінші жеңіс

Қазақстан чемпионаты

Евгений Гончарев 25-ші рет Қазақстан чемпионы атанды. Чемпионды кеше кешкісін  Ақтөбе әуежайынан әріптестері мен жанкүйерлері күтіп алды.

12-14 ақпан аралығында Павлодар облысының Ақсу қаласында гір көтеру және армрестлинг спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Әр өңірдің «сен тұр, мен атайын» деген үздікдері бас қосқан додада Ақтөбенің намысын Евгений мен Сергей Гончаревтар қорғады. Бұған дейін 12 дүркін Әлем чемпионы, 24 дүркін Қазақстан чемпионы атанған Гончарев «25 дүркін Қазақстан чемипионы» деген атақа ие болды. Ал інісі Сергей Гончарев күміс медаль алды.

Бұл жеңістің орны мен үшін бөлек. Ерекше бағалы. Тек бір әттеген-айы жаңа рекорд орната алмадым. Бұған жарыс кезінде аздаған жарақат алуым себеп болды. Дегенмен ешқандай өкініш жоқ. Оның орнын алдағы сайыстарда толтырамын. Енді жиен інім Сергейдің биік тұғырдан көрінуі үшін бар терімді төгетін боламын. Қазіргі көрсеткіштері де жаман емес, — деді чемпион.

Айта кетейік, биылғы Әлем чемпионаты қараша айында Латвияда өтеді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button